02
декабрь
2019
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні
«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай, мектебімізде 25 қараша мен 1 желтоқсан аралығында апталық өтті. Жоспар бойынша Президентке арналып арнайы қабырға бұрышы жасалынып, «Қазақстанның тұңғыш Президенті» тақырыбында арнайы көрме ұйымдастырылды. «Әлем мойындаған Елбасы», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында сахналастырылған ашық тәрбие сабақтары көрсетілді. Сонымен қатар, «Елі үшін туған ерен Ер» айдарымен жас шығармашыл оқушылардың өлең және шығармалар байқауы, «Менің елім, менің Қазақстаным!» тақырыбында оқушылар арасында сурет және қолөнер жұмыстарының байқауы өткізілді.


