13
декабрь
2019
«ЖАС ҰЛАН» ұйымына қабылдау
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №103 жалпы орта білім беретін мектебінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «ЖАС ҰЛАН» ұйымы - Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымының «Жас қыран» қатарына 2 сынып оқушылары салтанатты түрде қабылданды. Мектеп директоры Куртаева Балжан Сейтжанқызы ұйым мүшелерін құттықтап туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне мектеп әкімшілігі мен озат оқушыларды шақырды. Мақсаты: — өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

