13
декабрь
2019
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №103 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жылдың 12 желтоқсаны күні 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Жұлдызы жанған Қазақстан» атты іс-шара бағдарлама өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры Куртаева Балжан Сейтжанқызы мерекемен құттықтап Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жеткіншектеріміз халқымыздың аңсап жеткен тәуелсіздік туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық арманын, осынау ұлан байтақ жерін қорғап, осы уақытқа жеткізгені баршамызға аян. «Мәңгілік Ел» ұрпақтары сондай текті бабалардың ұрпағы екендіктерін сезініп, жерім дейтін, Елім дейтін әр бір жас ұрпақ «Тәуелсіздік», «Мәңгілік Ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеп өсуге міндетті екенін айтып өтті. Концертте тәуелсіздік, туған жер, Елбасы, достық туралы әндер мен жанды күйлер, мың бұралған бишілер биі әр адамның жүрегіне қуаныш пен бақыт ұялата білді.



