25
декабрь
2023
«Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы
Оқуға құштар мектеп жобасы. «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, қоғамқайраткері Төлен Әбдікұлының шығармаларын дәріптеу мақсатында «Ойы – ұшқыр, қаламы – жүйрік жазушы» портрет кеші өтті. Ең алдымен оқырмандар Төлен Әбдіктің өмірбаяны жайлы тың ақпараттармен танысты. Іс шарада жазушының «Райхан», «Көкжиек», «Айтылмаған ақиқат», әңгімелері, «Парасат майданы» шығармаларынан үзінділер оқылып, ой – пікірлерін, мазмұнын өзара талқылап, қатысушылар өзіндік ой түйді. Шара соңында оқырмандарға Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға кеңес берілді.

