"ПАТРИОТИЗМ - ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АСҚАҚ БЕЛГІСІ" » «№103 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Школа №103
Телефоны приемной:
(8723) 21-28-52
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "ПАТРИОТИЗМ - ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АСҚАҚ БЕЛГІСІ"
15
март
2024
0

"ПАТРИОТИЗМ - ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АСҚАҚ БЕЛГІСІ"

Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығы "Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және жүргізу сондай-ақ оның материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" ҚР Қорғаныс министрінің  2017 жылғы 12 шілдедегі N 347  бұйрығы,  Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі  біріктірілген басқармаларының  2023-2024 оқу жылына бірлескен жоспары негізінде  "Біртұтас ұлт-біртұтас  әскер" жастарды  әскери-патриоттық  тәрбиелеу бағдарламасы аясында  ағымдағы жылдың 15 наурыз күні            N 103 жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратында  "Патриотизм-ұлттық рухтың  асқақ белгісі" тақырыбында қалалық  тәжірибелік семинар  өткізілді. 
Аталған семинарға білім беру ұйымдарының  алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің  оқытушы- ұйымдастырушылары қатысты.
Семинарда өтілген ашық сабақтар өз дәрежесінде семинар мақсатына сай өтілді:
1. «Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы» тақырыбында ашық сабақ. Биология пәнінің мұғалімі Мылтықбаева А.О.
2. «Эвакуация және халықты бытыраңқы орналастыру» тақырыбында ашық сабақ. АӘТД пәнінің мұғалімі Сарсеков Е.С.
3. «Химиялық элементтер адам өмірінде» тақырыбында ашық сабақ. Химия пәнінің мұғалімі Стамкулова А.Е.
4. «Су апаттары» тақырыбында ашық сабақ. География пәнінің мұғалімі Тажибаева Ұ.Ж.
5. «Көңілі көтеріңкі адамның  қызметі жемісті» тақырыбында психологиялық тренинг. Мектеп психологтары Сапарбаева Ж.А., Қандаулетова Е.Ж.
6. «Эстафеталық жарыс» сабағы. Дене шыңықтыру пәнінің мұғалімдері Құлтас С.Ш., Ибрагимов Қ.Қ., Асанбаев Ғ.Е.
7. «Робо-сумо» тақырыбында ашық сабақ. Информатика пәнінң мұғалімі Шилменова А.С.
8. «Ел рухын көтерген ер» тақырыбында әдеби кеш. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Маталова Б.У.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив